Алматыда 60-тан астам адам болған екі дәмхана жабылды
Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, қазір ауру белгісі жоқ науқастардың саны өсіп жатыр.
Симптомсыз тіркелгендердің 80,4% жұмыс істейтін адамдар. Яғни, мекемедегі ұжым мүшелерінің ауру жұқтыру тәуекелі жоғары, - дейді Бекшин.
Сөз арасында ол қалада науқастар ең көп тіркелген аудандарды атап өтті. Медеу ауданында – 723 оқиға, Алмалы ауданында – 504, Бостандық ауданында - 463 жағдай тіркелген.
Қаладағы нысандардың эпидемиологиялық жағдайға дайындығы күнделікті тексерілуде. Ережені ұстанбағандарға ескертулер беріледі. Осындай тексеріс кезінде 152 нысанның жұмысы тоқтатылды. Бұл жалпы тексерілген нысандардың 5,8% құрайды. Оның ішінде 135 субъекті ескерту алған соң өз бетінше тоқтатылды. Біздің департаменттің аудандық бөлімшелерімен 19 нысанның жұмысы тоқтатылды. Наурызбай ауданында екі дәмхана жабылды. Панарама және Алматы дәмханасы карантинге талаптарын сақтамай бетпердесіз әрі 60 астам адамға ас берілген, - деді ол.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.