118 млн теңге ұрлаған елордалық кәсіпкерлерді ұстау кезіндегі видео жарияланды
Айыпталушылар бақылауындағы кәсіпорындарға жалған тұлғаларды рәсімдеп, іс жүзінде негізгі қызметті өздері жүргізіп отырған. Жымқыру технологиялық процестерді жетілдіру бойынша техникалық жабдықтауға қызмет көрсетуге берген, шындыққа сай келмейтін 118 млн теңге сомасындағы шығынның өтеуін заңсыз алу арқылы жүзеге асырылған, - дейді ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіндегілер.
Көрсетілген мемлекеттік қаржылық көмек, ең алдымен, ШОБ-ты қолдауға, сонымен қатар тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің өзіндік құнының түсу салдары мен шығынды өтеуге арналған.
Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы сотының үкімімен кәсіпкерлер ҚР ҚК 190-бабының 4 б. (алаяқтық) сәйкес кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 жыл бюджет қаражатын алуға қатысты қызметпен айналысу құқығы мен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, делінген хабарламада.
Сонымен қатар сот кәсіпкерлерден "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ пайдасына мүліктік залал есебінде 118 млн теңге мен мемлекет кірісіне әр кәсіпкерден 1 770 000 теңгені мемлекеттік бажға өтеу түрінде өндіріп алу туралы қаулы шығарды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.