Алматыда дүкен иесі карантин кезінде нанды тегін таратып жатыр
Игі іске бастамашы болып жүрген Ләззат Сайбекова. Шағын дүкен ашып, отбасын асырап отырған 48 жастағы әйел бұл шараны көптен бері ойластырып жүрген. Алайда елге әлемдік пандемия келгенде, кейбір тұрғындар табыстарынан қағылып, қысылып жатқанын байқайды. Ол мұндай кезеңде тауар бағасын қымбаттатпай, адамгершілікті пайдадан жоғары қоюға шешім қабылдаған.
«ТЖ байланысты өзіміздің жеке кішігірім дүкеніміз болғаннан соң, оны пайдаланып, бір қайырымдылық жасайықшы деген шешімге келдік. Ас атасын жағдайы төмен адамдарға таратып жатырмыз. Нанды әдеттегідей сатып аламыз да, мұқтаж адамдарға береміз. Халықта ақша жоқ. Көтерме бағамен алған тауарды бөлшектеп сатқанда бұрын 15% қоссақ, қазір оны 5% түсірдік», - деді кәсіпкер Сайбекова.
Кәсіпкердің айтуынша, тегін нанға мұқтаж адамдар аз емес. Дүкеннің сыртына арнайы жарнама іліп қойған ол жұма күні нан сұрап келгендердің ешқайсының қолынан қақпайды.
«Бір адамға екі таба наннан артық бермейміз. Мұны карантин аяқталған соң да, жалғастыратын боламыз»,- дейді Ләззат Сайбекова.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.