Науқастар саны артса, карантин қатаңдатылады – Бас санитарлық дәрігер
Қабылданған карантин мен шектеу шараларына қарамастан, коронавирус инфекциясы әлі де тіркелуде. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін, барлық азаматтарды, қаламыздың қонақтарын адам көп жиналатын жерлерге бармауға, қалада бекітілген карантин режимін сақтауға, коронавирус пандемиясы кезінде өзінің және өзгенің өміріне қауіп-қатер төндірмеуге шақырамын. Сонымен қатар, барлық ұйым басшылары карантин режимін қатал сақтап, санитарлық нормаларды орындауды талап етемін, - деді ол.
Жанна Пралина бас санитарлық дәрігер ретінде науқастардың көбеюі жағдайында қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын қатаңдатуға мәжбүр екенін айтты.
Бұл жағдайға сіздердің немқұрайды қарауларыңыз бізге елордадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік бермей отыр. Соның салдарынан қалыпты өмір сүру жағдайына орала алмай отырмыз. Мен тағы да тұрғындарды бір мәрте ойланып, осындай күрделі кезеңде мемлекет пен бізге вирусты жеңуге ықпал жасауға жәремдесуге шақырамын. Қаладағы карантин режимінде адам көп жиналатын орындарға бармауларыңызды сұраймын, - деді Жанна Пралиева.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.