Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қаражал қалалық әкімшілігіне қарайтын Жәйрем кентінің тұрғындары Azattyq Rýhy тілшісіне кенттің әкімі Аманғазы Нәукенов карантин талабын бұзды деп, дәлел ретінде видеоматериал жіберді.

Видеода әкім Аманғазы Нәукенов, мәдениет ойын-сауық орталығының директоры Ақмарал Иманбекова және «Жәйрем кен-байыту комбинаты» кәсіподақ комитетінің төрағасы Мүбәрак Кәрібаев тағы басқа да қызметкерлерді қосып, кабинет ішінде би ұйымдастырған. Tik-Tok әлеуметтік желісінде кең тараған флеш-моб Қазақстанда карантин кезінде актуалды болғаны белгілі. Жәйрем кентінің әкімі де көштен қалмайын деп, қоластындағы қызметкерлерді қосып алып, билеген.