"Жалақымызды ала алмай отырмыз". Федерация зілтеміршілердің шағымына жауап берді
Осыған дейін қазақстандық зілтеміршілер жалақының төленбеуіне байланысты видеоүндеу жариялаған болатын.
"Біз, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері, жарты жыл бойы жалақымызды ала алмай жүрміз. Себебі, федерацияда белгісіз себептерге байланысты проблема туындап жатыр", - дейді Рио-2016 олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов және басқа спортшылар.
Ауыр атлетика федерациясы Vesti.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
"Ашығын айтқанда, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерінің бірнеше табыс көзі бар. Оның бірі - Ұлттық Олимпиада комитеті беретін жалақы. Ол тиісті уақытта, толық көлемде беріліп отыр. Ал федерация демеушілік ақшаның негізінде қосымша төлемдер болып саналатын төлемдерді ұсынады. Біз тиісті мерзімде төлемдер жүргізілмегені туралы ақпаратты растаймыз. Мәселе қосымша төлемдерге байланысты болып тұр", - дейді федерация өкілдері.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.