«Қазақстан темір жолы» 13 мыңнан астам қызметкерін қысқартады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бұл шешімнің жолаушылар тасымалының тоқтатылуына және компанияның жұмсаған шығындарына байланысты жүзеге асып жатқанын түсіндірді.
Биыл компанияның 7 мыңнан астам қызметкері қысқартылады. Олар – шаруашылық цехының қызметкерлері, локомотив және жөндеу бригадалары, сондай-ақ, жүк автокөлік жүргізушілері.
«Қазақстан темір жолында» 900 қызметкерге дефектоскопты арбалар операторларының штатын қысқарту, сондай-ақ, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Орал қалаларындағы жүк тасымалдау бөлімшелерінің 2 мыңнан астам теміржолшысын жұмыстан шығару жоспарлануда.
Сонымен қатар, қазақстандық компанияда 3,5 мыңнан астам әскерилендірілген күзет қызметкері қысқарды. Нәтижесінде, осы жылы «Қазақстан темір жолы» 13 мыңнан астам қызметкерінен айырылады.
Компанияның қатардағы қызметкерлерінен басқа, орталық аппараттың 9 басқарушы директоры да қысқартылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бұл шешімнің жолаушылар тасымалының тоқтатылуына және компанияның жұмсаған шығындарына байланысты жүзеге асып жатқанын түсіндірді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.