ҚТЖ жолаушылар пойызының уақытша тоқтағанынан 3,8 млрд теңге шығынға батқан

Поделиться:
«Қазақстан темір жолы» АҚ пандемия салдарынан жолаушылар пойызын уақытша тоқтатқан кезде 3,8 млрд теңге шығынға батқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауына, аталған сома – тек бір айдағы көрсеткіш, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Қазіргі уақытта жолаушылар пойызы рейстерінің уақытша тоқтатылуына байланысты бір айдағы шығын көлемі шамамен 3,8 млрд теңге. 1 маусымнан бастап жолаушылар пойызы қайта қатынауды бастады, сондықтан компаниялардың кеткен шығынды қалпына келтіру үшін біраз уақыт қажет», - деп хабарлайды ИИДМ.

Қауіпті эпидемияға байланысты Қазақстанда жолаушылар пойызы 31 наурыздан бастап 1 маусымға дейін уақытша тоқтатылған еді. Ведомствоның хабарлауынша, 2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында пойызбен 5 млн жолаушы қатынаған, бұл көрсеткіш бұрынғыдан 27,5%-ға аз.

Сондай-ақ жауапты министрлік кеткен шығынға қарамастан пойыз билеттері қымбаттамайтынын айтқан.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также