COVID -19 бақылайтын веб-қосымша іске қосылды
Төтенше жағдайдың алғашқы күндері Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық IT әзірлеушілермен бірге министрліктің ресурстары негізінде COVID-19 таралуына қарсы бірқатар IT-шешімдерді әзірледі.
Осы шешімдердің бірі - "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасы. Веб-қосымша басқа елдерден келген, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарды бақылайды.
Қосымша 10 сәуірде іске қосылды. Ол пайдаланушыларға қолайлы етіп әзірленді. Бұл жүйенің мақсаты - ҚР аумағында COVID-19 таралуын мониторингілеу және есепке алу.
Қосымша ақпарат алуға, пациенттерге бақылау жасауға және оларды есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ДДСҰ өкілдері қазақстандық тараптың әзірлеген жұмысын жоғары бағалап, веб-қосымшаның функционалдығы мен қолайлылығын атап өтті.
Сондай-ақ, ДДСҰ тарапынан қазақстандық әзірлемені басқа елдерде пайдалануды талқылау ұсынылды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.