Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында көпқабатты үйдің кіреберісінде өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 маусым күні өрт сөндіру бөліміне 5 қабатты тұрғын үйдің подъезд есігі жанып жатқаны туралы хабар түскен. Тұрғындар өрт сөндірушілер келіп жеткенін күтпестен, өртті сөндірмек болды.
«Оқиға орнына дереу жеткен №30 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері подъезд есігі мен сол маңайда тұрған балалар арбасын шарпыған тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Сонымен қатар олар газдың жарылуына жол бермес үшін газ құбырын суытқан. Подъез ішін түтін тұмшалағандықтан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 12 бала бар», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі мәлімет бойынша, өрттің шығуына балалардың сіріңкемен ойнауы себеп болған.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии