Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балалар лагері қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Биылғы жаз 3 миллион 57 мың мектеп оқушысы үшін өзгеше болмақ. Себебі биылғы жазғы демалысты ұйымдастырудың өзгешелегі бар. Балаларды қорғау комитеті негізгі үш бағытты атады. Бірінші бағыт - лагерь жұмысын ұйымдастыру. Екінші бағыт - белгілі бір санаттағы балаларға лагерь ұйымдастыру. Үшінші бағыт - қауіпсіздікпен қамтамасыз ету", - деді БҒМ Балаларды қорғау комитетінің төрайымы Юлия Овечкина.
Оның айтуынша, балаларды сауықтыру лагері мен кешендерінің ашылу мәселесін жергілікті атқарушы органдар шешеді.
"Балалар лагері 8 маусымнан бастап 2 өңірде, 15 маусымнан бастап 12 өңірде, 20 маусымнан бастап тағы 2 өңірде ашылады. Алматы қаласынан тыс аумақтардағы лагерьлердің жұмысын тоқтату туралы шешім шықты. Болжам бойынша, 12 154 лагерьдің 65 пайызы жұмыс істейді", - деді ол.
Министрлік балалар лагері қашан ашылатынын айтты
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}