«Қызметімнен кетуге дайынмын». Серік Сәпиев жемқорлық күдігіне ілінген орынбасары жайлы пікір білдірді
Олар Риддер қаласындағы «Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтік мектеп-интернаты» РММ-нің 300 орынға арналған оқу корпусы» құрылыс объектісін салу кезінде іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мердігердің шотына 380,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аудару арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.
Еске салайық, Спорт және дене шынықтыру комитетін бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев басқарады. Комитет басшысы осы жағдайға байланысты 24.kz тілшісіне пікір білдіріп, егер орынбасарының жемқорлық қылмысын жасағаны дәленденсе, қызметінен кетуге дайын екенін айтқан.
«2018 жылы мектеп интернатының құрылысы басталды. 2019 жылы аяқталуы тиіс болатын. Сол жылдың аяғында біз келісімшартты өзгерттік, биыл жыл соңына дейін құрылыс аяқталуы тиіс. Қазір орынбасарыма қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді біз соттың шешімін күтеміз. Егер оның кінәсі толық дәлелденген жағдайда, мен өтініш жазуға дайынмын», - деді комитет басшысы Серік Сәпиев.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.