Жұма күнгі ауа райы болжамы
29 мамырда Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым аумағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде және солтүстік-батысында циклон ықпалынан кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады, оңтүстік-батыста тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 25 м/с жетеді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты аптап ыстық болады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.