Қазақстанда түйе шаруашылығы қарқынды дами бастады. Республикада бір түйенің бағасы қазір екі есе өскен. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды SputnikNews.kz.
Премьер-министр Асқар Мамин Түркістан облысындағы түйе сүтін өңдеу зауытына тоқталды. Зауытты қытайлық инвестор салған болатын.
Маминнің айтуынша, инвестордың шикізатты тартымды бағамен сатып алуының арқасында түйе сүтіне сұраныс артқан. Елде бір түйенің бағасы екі есе өскен.
Жалпы түйе шаруашылығы қарқынды дами бастады деген ол облыс әкімінен түйе санын сұрады.
"Бізде осы күнге дейін 30 мың түйе болатын. Қазір күрт өсіп жатыр, жылына 10 процентке артуда. Өйткені түйе сүтінің бағасы өсіп кетті. Қазір бір литр сүт 1000 теңге тұрады. Түйенің бағасы бір миллион теңгеден асып кетті", - деді Өмірзақ Шөкеев.
Ол бүкіл облыстардан түйе сатып алынып жатқанын атап өтті.
Шөкеевтің айтуынша, түркістандық шаруалар Түрікменстаннан түйе әкелуді көздеп отыр. Алайда бұл елде экспортқа шектеу қойылған екен. Шаруалар осы мәселені шешуге көмек сұрап жатқан көрінеді.
"Шаруалар түйе санын көбейтуге дайын. Бағдарлама бойынша түйе басын 90 мыңға жеткізу жоспарда бар. Бұл келешегі зор сала болып тұр", - деді аймақ басшысы.
Мамин мал шаруашылығының басқа салаларында да осындай кооперацияларды дамыту қажеттігін айтты.
Бір түйенің бағасы 1 миллион теңгеден асып кетті – Шөкеев
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
26.05.2020
До 15 июня продлили карантин в Байконуре
26.05.2020
Қазақстан фермерлері биыл 95 мың бас ірі қара мал сатып алады
26.05.2020
В Казахстане запустят подготовительные курсы к новому учебному году для школьников
26.05.2020