Блокпостағы көлік апаты: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым.
«Ербұлан Сейдазым планшетпен өтіп жатқан көліктерді тексеріп тұрған. BMW жүргізушісі бетонға соғылғанда, плиталардың бірі ұшып қызметкерге тиген. Тағы бір болжам бойынша, жүргізуші бірінші Ербұланды қағып, содан кейін, полиция көлімен соқтығысқан. Қызметкерге қатысты бірнеше болжам бар. Тергеу және экспретиза кезінде бәрі белгілі болады», - деп хабарлады полиция өкілдері.
Қазіргі таңда ол №7 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр деп бағалануда.
Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды. Соның салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.