Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 25 мамырдан бастап сауда орындарының жұмысы жанданғанымен оларға қойылатын талап күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 мамырдан бастап Алматыда бірқатар мекемелер жұмысын қайта бастайды. Оның ішінде сауда үйлері, базарлар мен ХҚКО-ы бізді алаңдатып отыр. Сол үшін біз алдымен оларда реттеу жұмысын жүргіздік. Сатып алушылар мен осы нысандардың басшылығына қатысты талаптарды реттедік,-деді ол.
Оның айтуынша, нысандардың әкімшілігіне қойылатын негізгі талаптар кіре берісте термометрия жасау және ара қашықтықты сақтау болып отыр. Үлкен нысандарда, яғни 20 мың шаршы метрлі жерлерде стационарлық тепловизорлар қойылмақ. 500 шаршы метрден астам нысандарға да тепловизор қойылады, тіптен қол тепловизорын да пайдалануға рұқсат берілген.
Сонымен қатар, әкімшілік күнделікті жұмысшыларының дене қызуын өлшеп, ауру белгілері болса жұмысқа жібермеуді міндеттеген.
Әрбір сауда үйінің алдына санитайзерлер қоюды және маскасыз кіргізбеу талабын қойып жатырмыз. Одан бөлек, жұмысшыларының 10 пайызын 1 ай ішінде ПЦР диагностикадан өткізуді ұсындық. Бұның барлдығы жұмысшылардың денсаулығын қорғауға бағытталып отыр,-деді Бекшин.
Сонымен қатар, ол нысан иелері желдеткіш жүйелерін іске қосу қажеттігін айтты. Ғимараттарды күніне үш рет желдетіліп, дезинфекциялық және тазалық жұмысарын жиі жүргізіп тұрулары керек.
Жұмысын бастағалы отырған базарлар мен ХҚКО бізді алаңдатып отыр – Бекшин
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
22.05.2020
Рудник "Казахмыса" закрыли на карантин в Карагандинской области
22.05.2020
Более 440 миллионов тенге задолжали своим работникам алматинские предприятия
22.05.2020
Асқар Мамин Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22.05.2020