Ауыл шаруашылық өнімдері форвардтық негізде сатыла бастады

2020-05-21 09:00:45
 Ауыл шаруашылық өнімдері форвардтық негізде сатыла бастады
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық негізде сатып ала бастады, деп хабарлайды Матрица.kz.



«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамыауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық негізде сатып ала бастағанын хабарлайды. Сатып алу көлемі – 365 000 тонна. Форвардтық негізде сатып алу арқылы сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің алғытөлем мөлшері:

Дақылдардыңатауы Алғытөлем мөлшері,теңге

ҚҚС төлемейтіндер үшін ҚҚС төлеушілер үшін

Азық-түліктік бидай 45 000 50 000
Арпа 27 000 30 000
Күнбағыс 45 000 50 000
Қарақұмық 27 000 30 000


Форвардтық сатып алуға қатысатын АШТӨ (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер)тізімін Азық-
түлік келісім шарт корпорациясы жасайды және жергілікті атқарушы органдар құратын алқалы орган – Үйлестіру кеңесі бекітеді.

Міндеттемелердің орындалуын Азық-түлік келісім шарт корпорациясының контрагент банктерінің тікелей және шартты міндеттемелері бойынша белгіленген лимиттер аясында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі, екінші деңгейдегі банктің кепілдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапалық көрсеткіштері стандарттарда белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.

АШТӨ міндеттемелерін орындау мерзімі – 15 қараша 2020 жыл. Өнімдер EXW «франко-зауыт» (Инкотермс-2020) лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына жеткізілуі қажет.Алғытөлем ақшалай қайтарылмайды.Жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері үшін қосымша ақы күзгі кезеңде жеткізу кезіндегі нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады.
 Ауыл шаруашылық өнімдері форвардтық негізде сатыла бастады


АШТӨ-нің форвардтық сатып алуға қатысу туралы өтінімдері электрондық түрде Азық-түлік келісім шарт корпорациясының www.fcc.kz интернет-ресурсында немесе Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінде қағаз түрінде келесі мекен-жайларда қабылданады:

Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев д-лы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;

Шығыс Қазақстаноблысы: Өскемен қ., Бейбітшілікк-сі, 30, кеңсе 206, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57;

Қостанай облысы: Қостанай, қ. Тәуелсіздікк-сі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;

Солтүстік Қазақстано блысы: Петропавл қ., Партизанский к-сі, 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61.

Форвардтық сатып алу талаптары мен қағидаларын түсіндіру үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының орталықа ппаратында «жедел» жел іұйымдастырылды:

8-717-2 59-12-48, 59-12-73, 59-12-39, +7 702 513 69 79 (whatsapp).
Интернет – ресурстары: www.gov.kz / www.kazagro.kz / www. fcc.kz

Просмотров материала: 8