Мақтааралда су сору жұмыстарының арқасында өткен тәулік ішінде су басқан аймақ 1100 га азайып, 3100 га құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елді мекендерінде су басқан 1 030 үйден су толықтай сорып шығарылды.
56 аула және бау-бақша учаскесі су астында қалып отыр. Төтенше жағдай салдарын жою жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр. Оған ІІМ, ҚМ, ЖАО және Өзбекстан ТЖМ күш-құралдарынан барлығы 1475 адам, 219 техника, 13 жүзу құралы, 207 мотопомпа жұмылдырылған.
Бүгінгі күні 6,2 млн текше метрден астам су сорылды. Жалпы ұзындығы 22 шақырым уақытша бөгет салынды. 87 мыңнан астам қап төселді және су бұру үшін 3 коллектор орнатылды.

Просмотров материала: 0