Қазақстанның Экология министрлігі басшысы Мағзұм Мырзағалиев сенбіде өзінің елдің оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапарын аяқтады. Ол ең артынан Жамбыл облысына барды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Оңтүстік өңірге жұмыс сапары Жамбыл облысына барумен аяқталды. Облыс əкімі Б.М. Сапарбаевпен бірге іске асырылып жатқан су шаруашылық жобаларымен таныстық», - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Облыс суармалы жерлерді 110 мыңнан 200 мың гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр
«Бұл үшін магистралдық арналар мен ирригациялық дренаж жүйесін жөндеу жұмысы жүргізілуде. ЕҚДБ қаражатының арқасында ұзындығы 1294,34 шақырым 264 арна қайта салынып жатыр. Сондай-ақ өңір басшысымен бірнеше су қоймасын салу жоспарын сөз еттік. Жобаны орындау үшін бірлескен жұмыс тобы құрылып, ТЭН əзірленеді», - деді М.Мырзағалиев.
Барлық осы айтылған жобалар облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Просмотров материала: 1