Жұмыстың жаңа форматы азаматтарға сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, әлеуметтік сала және басқа да мүдделі мәселелер бойынша бір жерде қызметтер мен консультациялар беру болып табылады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет транспаренттілік қағидаты бойынша мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл форматына көшуі бойынша осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізуде. Мәселен, «Сервистік әкімдіктерді» ашу арқылы жергілікті атқарушы органдар адамдар үшін қолжетімді және ашық болады, бұл халықтың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облыста 9 ұқсас ашық кеңістік жұмыс істейді, жұмыс жалғасуда, жоспарда - ағымдағы жылдың соңына дейін сервистік әкімдіктерді ашу жоспарлануда", – деді Бақытжан Әмірханов.