Бүгін, 15 мамырда Түркістан облысында тағы да жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Өңірде 14 мамырда сағат 21.00-ден 15 мамыр сағат 21.00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Дауылдың ықтималдығы - 90-95 пайыз.
"15 мамырда Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы найзағай кезінде секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте 15 мамырда түннің бірінші жартысында күн күркірейді. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК өкілі.
Еске салайық, 13 мамыр күні кешке Түркістан облысында жауған жауын-шашын салдарынан су деңгейінің жоғарылауына байланысты ондаған жеке үйді су басып қалған болатын.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы бір Елтай шағын ауданының өзңнде 60 аула аумағын су басты. 150 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ, қатты жаңбырдан Бадам өзені тасып, тағы 31 адам эвакуацияланды.

Просмотров материала: 0