Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі қалаға әлі де кіруге рұқсат жоқ екенін ескертті - қала тіршілігін қамтамасыз ету нысандарында жұмыс істеп жүрген тұрғындарға ғана қалаға кіруге рұқсат. Қызметкерлердің тізімін Ақмола облысы ауданының әкімдері береді дейді.
Сондай-ақ, әкімдіктегілер қала шекарасындағы блокбекеттердің өз жұмысын жалғастырып жатқанын және қоғамдық көлік те жүрмейтінін ескертті.