Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 9 мамырдағы бұйрығы бойынша карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады AzattyqRuhy.kz.
Нақтырақ айтқанда, белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелері үшін коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілген. Атап айтқанда:
1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) көп балалы отбасылар;
5) ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;
6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
Бұдан басқа, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді.
Еске салайық, Президенттің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызмет үшін төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасы аясында Үкімет 1,6 млн-нан астам тұрғынның коммуналдық қарызын өтеу үшін сәуір-мамыр айларында республикалық бюджеттен (алдын ала есеп бойынша) 49 млрд 342 млн 830 мың теңге бөлді.

Просмотров материала: 0