Оңтүстіктегі ағайын қиын жағдайға тап болды. Айдың-күннің аманында үйсіз, күйсіз қалды. Бір емес, мыңдаған адам. Егістік алқаптары, қорадағы мал, жинаған мүлік су астында кетті. Он ауылды су басқанын президентіміз мәлімдеп отыр. Қиын жағдай.
Шығын шаш етектен екені сөзсіз. Пандемияның кесірінен көкөністерін өткізе алмай отырған жандарға бұл үлкен соққы болды. Мемлекет пен халық көмектесері анық. Бірақ барлық шығынды толықтай Ташкент өтеуі тиіс.
Біріншіден, бұл табиғи су тасқыны емес, бұл су бөгетінің жарылуы. Ал бөгетті адамдар салады. Демек адами фактор.
Екіншіден, Өзбекстанның бір емес, бірнеше мәрте осы Сырдария, Арал көліне қатысты жемқорлық істері болғаны айтылған. Мысалы Аралды қалпына келтіру үшін халықаралық ұйымдар бөлген млрдтаған қаржыны жеп қойғаны бар. Яғни бөгетті салу сәтінде де ондай әрекеттер болуы ғажап емес. Қазірдің өзінде осыған ұқсас әңгімелер айтылып жатыр. Оны өзбек тарапы қазбалап, анықтай жатар. Бірақ дәл сол фактор біздің ауылдарымызды су басуға әкеліп соқты.
Үшіншіден, бірнеше тарап жатқан видеоға назар аударсақ, суды Қазақстан бағытына қарай бағыттау орын алған сияқты. Оның рас я өтірігін мемлекеттік комиссия анықтасын.
Қысқасы барлық шығынды Өзбекстан тарапы өндіруге тиіс. Түбі бір түркілік жақсы әрине, бірақ мемлекеттік мүдде қашанда бірінші орында тұруы тиіс.
Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасы
Дереккөз:Abai.kz

Просмотров материала: 0