Су басқан ауылдың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы беру керек - Шөкеев

Поделиться:
Мақтаарал ауданында су басқан ауылдардың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілейміз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су басқан ауылдың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілеу дұрыс болар деп есептеймін. Бұдан бөлек 7 мыңнан астам егістік алқабына біраз шығын келді. Егілген егістік, пленка астында жатқан әртүрлі егістік алқабы бар. Соның бәрін қайта есептеп, оны да өтеуге көмектесуіміз қажет. Жалпы, эвакуацияланған азаматтардың бәрімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтырғы Арыстағыдай көп адамды жинап, үлкен жиын жасамаймыз. Жеке-жеке әр мектепке барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы халық түсіністікпен қарайды, үлкен шыдамдылықпен, төзімділікпен бұл жағдайды өткізіп жатыр. Біз комиссияны күтіп отырмыз, солармен бірге бәрін аралап шығамыз, - деді Өмірзақ Шөкеев.
Осы ретте былтырғы Арыс тәжірибесі сияқты әр үйге келген зардапты, шығынды есептеп шығамыз деп отыр.
Одан кейін әрі қарай комиссиямен бірігіп отырып, бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіру жолдарын қарастыруымыз керек деп ойлаймын. Су басқан үйлерде қалған мүліктерге қандай зардап келгенін есептеу қиын болады, - дейді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, өңір басшысы сонымен қатар 7 елді мекенде су басу қаупі әлі жоғары екендігін де айтқан болатын.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также