Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз 15-20, 23-28 м/с.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Ақмола және Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысында бұршақ болуы мүмкін.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.