«Оған изолятордың медициналық қызметкерлерімен бірден алғашқы көмек көрсетілген, алайда оны құтқарып қалуға мүмкіндік болмаған. Құтқару үшін келген жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын айтқан. Өлімнің алдын ала себебі - көп қан жолғалтуынан болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Бас прокуратураның хабарлауынша, қамау изоляторында қайтыс болған Бекбол Кибаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған.
«Оның қайтыс болу фактісі бойынша Алматы қаласының арнайы прокурорларымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Орын алған жағдай бойынша барлық мән-жайлар объективті зерттеліп, жұртшылыққа жеткізіледі», - дейді РҚ Бас прокуратураның баспасөз қызметі.