Алматыдан шыға берісте қаптаған көлік кептілісі - полиция түсінік берді

Поделиться:
Алматы полиция департаменті қала шетіндегі көлік кептелісіне қатысты желідегі видеоға түсініктеме берді. Полиция жағдай қазір тұрақтанды, жол бос деп сендіреді, деп хабарлайды zakon.kz.

Инстаграмда Алматының шетіндегі үлкен көлік кептелісін түсірген видео жарияланды. Онда бұл қаланың жоғарғы жағындағы трасса екендігі, Қаскелеңге қарай көлік кептеліс пайда болғаны айтылады.

Zakon.kz редакциясы Алматы қалалық полиция департаментінен бұған қатысты жағдайды анықтап білді.



Қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтқандай, бұл видео таңертең түсірілген, ол жерде шынымен де қаладан облысқа кеткісі келетін көліктердің көп шоғыры болған, видео сол кезде түсірілген.

Бірден көптеген адам саяжайларына бармақшы болып, қала сыртына ағылған. Алайда олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды полиция тексеруі керек, сондай-ақ санитарлық қызметтер ұсынған қағазды толтыру тәртібі біршама уақытты алады. Мұның бәрі әдеттегі тәртіппен жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, тас жол бос, көлік кептелісі жоқ", - деп түсіндірді Салтанат Әзірбек.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также