Нұр-Сұлтанда әйелін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

2020-04-29 13:00:42
Нұр-Сұлтанда әйелін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 28 сәуір күні сағат 14.31-де Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үйлердің сатысында пышақталған әйелдің денесі жатқаны туралы ақпарат 102 нөміріне түседі, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«1982 жылы туылған азаматша Белоус Надежда қалалық ауруханаға жеткізіліп, сағат 16:10-да алған дене жарақатынан қайтыс болады. Полиция қызметкерлері әйелдің күйеуі - 1992 жылы дүниеге келген Белоус Ростиславты ізін суытпай ұстады»,-дейді қалалық ПД баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова.

Күдікті әйелін үйдің кіреберісінде ұрып-соғып, жарақаттаған. Бұл уақытта балаларынв үйде туысы қарап отырған.

«Ерлі-зайыптылар 2017 жылы үйленген. Алайда, 2020 жылдан бастап бөлек тұрған. Олар қпюаза тапқан әйелдің бірінші некесінен туған 2011 жылғы бала мен 2018 жылы дүниеге келген ортақ баланы тәрбиелеген. Қазіргі кезде кәмелет жасына толмаған балалар өлген әйелдің әпкесінің қолында»,- дейді баспасөз хатшысы.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат уақытша қамалды. Қылмысқа ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш себеп болған.

АНЫҚТАМА ҮШІН:

2020 жылдың 27 сәуірінде 16:38-де елорда тұрғынынан бұрынғы жұбайы дау шығарып жатқаны туралы арыз түседі. Сол күні-ақ, құқық бұзушы ұсталады және полиция бөлімшесіне жеткізілді. ҚР ӘҚБК 434 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Белоус Н. Р.- мен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін ол босатылды. Істі 28 сәуірде сотта қарау жоспарланған. Алайда, 28 сәуірі күні таңертең учаскелік инспекторға жәбірленуші әйел бұрынғы күйеуімен татуласқаны жайлы айтып, оны босатуын сұрайды.
Просмотров материала: 0