Түркістан облысының шаруалары 250 мың тонна орамжапырақты өткізе алмай отыр

2020-04-28 09:00:58
Түркістан облысының шаруалары 250 мың тонна орамжапырақты өткізе алмай отыр
Түркістан облысының әкімі шаруалардың тағы бір проблемасына, нақтырақ айтқанда, 250 мың тонна орамжапырақты өткізе алмай отырғандар жайлы тоқталды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«300 мың тонна капуста өсірілді. Бірақ Ресейде бұл өнімге сұраныс күрт түсіп кетті. Біз барлық облыспен меморандумға қол қойдық. Олар да алмай жатыр. Бізде осы 300 мың тонна орамжапырақты сату бойынша проблема бар. Қазір 1 келісі 10-15 теңгеге дейін төмендеп кетті. Фермерлер үлкен шу көтеріп жатыр...Қазір 250 мың тонна орамжапырақ дайын тұр. Оны бір жерге орналастыру керек. Әйтпесе үлкен проблема болады. Қазір олар шулап жатыр», - деді өңір басшысы.