Жаңадан салынған инфекциялық аурухана науқастарды қабылдай бастады

Поделиться:
И.С. Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңадан салынған филиалы кешеден бастап COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Қазір мұнда 43 науқас бар. Жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлер үшін BI-Industrial құрылыс компаниясы рекордтық мерзімде (18 күн) салған модульдік кешенде орналасқан. Модульдік кешенде палаталарда теріс қысым жасайтын желдету жүйесі жұмыс істейді: вирустары бар ауа палатадан тыс жерге енбейді, ол арнайы зарарсыздандыру жүйелеріне түседі,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, палаталарда герметикалық есіктер орнатылған, кәріз жүйесін тазалаудың ерекше жүйесі жұмыс істейтіні де айтылған.

Бұл аурухана 280 төсек-орынға есептелген. Құрылымына 9 клиникалық бөлімше, 28 төсек-орындық реанимация бөлімшесі, далаға жеке шығатын 10 бір орындық палаталар, бес орындық динамикалық бақылау палаталары бар қабылдау бөлімшесі кіреді,-делінген хабарламада.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также