Электрондық үкіметтің мәліметі бойынша, 2020 жылдың мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі:
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жұма күніне тап келеді;
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, бейсенбіге келіп тұр;
9 мамыр - Жеңіс күні - сенбіде.
9 мамыр демалыс күніне келетіндіктен, қазақстандықтарға тағы бір демалыс күні беріледі, ол сенбіден дүйсенбіге - 11 мамырға ауыстырылды.
Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамырдан 10 мамырға дейін демалу үшін демалыс күнін 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды.
Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 1, 2, 3 мамырда, содан кейін 7, 8, 9 және 10 мамырда демалады.