ҰБТ-да 11-сыныптың IV тоқсанындағы сабақтар бойынша сұрақтар болмайды

Поделиться:
11-сыныптың IV тоқсанындағы сабақтар бойынша сұрақтар ҰБТ-ға кірмейді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Евразия" бірінші арнасы редакциясына Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғындары байланысқа шықты. Олар қашықтықтан оқытудың кесірінен 11-сынып оқушылары ҰБТ-ға дұрыс дайындала алмай, жоғары оқу орынына грантқа оқуға түсе алмай қалады ма деп алаңдайды.

Ұлттық тестілеу орталығы қашықтықтан оқыту дайындыққа кедергі келтірмейді деп сендірді. Тесттерден IV тоқсанындағы бағдарламада қамтылған барлық тапсырмалар алынып тасталады.

Оқушыларға IV тоқсанында оқылған сабақ тапсырмалары бойынша сұрақтар келмейтін болады. Яғни, 5-ші сыныптан 11-сыныпқа дейін үш тоқсанның оқу бағдарламалары тест сұрақтарында қамтылады. ҰБТ өткізу бұрынғы форматта қала береді, алайда біз қосымша санитарлық шектеулер енгіземіз. Яғни, біз тест алушылардың арасындағы қашықтықты арттырамыз, баланың дене қызуын тексеру үшін қосымша бақылау енгіземіз, яғни тиісті жабдықтар болады, - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также