Барлығы біледі: Атамқұлов жолаушылар вагонының жетіспеушілігін қалай шешпек?

Поделиться:
Биыл жаңадан 50 жолаушылары вагоны сатып алынады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылға қарай магистральды теміржол желісінің тозуын 49%-ға, ал локомотивтерді 58%-ға төмендету жоспарланып отыр. Жолаушылар вагондарының жетіспейтінін барлығы біледі. Сондықтан алты жыл ішінде 600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Биыл 50 вагон сатып алынады, бюджеттік несиеге 20 миллиард теңге бөлінді, - деді Бейбіт Атамқұлов.

Бұл ретте жылжымалы паркті жаңартуға 657 миллиард теңге тарту жоспарланған, оның ішінде 455 миллиард теңгесі жеке инвестиция екен.

Ол сонымен қатар, автомобиль көлігі саласында 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушыларға қызмет көрсету пункті салынатынын айтты.

Министрлік отандық автомобиль тасымалдаушыларының халықаралық нарықтағы үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Биылғы жылы жолаушылар тасымалы былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 %-ға, жүк айналымы 1,5 %-ға артады деп жоспарланып отыр, - дейді министр.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также