Гүлжан Шаяхметова, инфекционист дәрігер:
Мені егде тартқан ата-анам күтіп отыр. Көрмегелі көп болды.Мен олар үшін алаңдаймын, олардың мені ойлап жандары қалмайды. Індет жұқтырып алды ма екен деп қорқады. Телефоннан дірілдеген дауыстарын естігенімде жүрегім езіліп кете жаздайды. Бірақ менде бәрі жақсы. Ауру-сырқаудан аманмын.
Қорғаныш құралдары жетіспеушілігі себебінен медиктер жаппай вирус жұқтырып жатыр деген шудың болғаны кеше ғана. Дегенмен салалық вдеомствода тапшылық мәселесі жоқ деп сендіріп отыр. Айтпақшы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тәуекел тобына жатпайтын, яғни науқастармен тікелей байланыста болмаған қызметкерлерге де қаржылай көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр екен.