«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 м/с жетуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін.