«Күйеуі марқұмды электрошокермен азаптаған»: екі қызымен әйелін өртеп жіберді деген күдікпен ауыл тұрғыны қамауға алынды

2020-04-17 13:00:40
«Күйеуі марқұмды электрошокермен азаптаған»: екі қызымен әйелін өртеп жіберді деген күдікпен ауыл тұрғыны қамауға алынды
11 сәуір күні Тасқала ауданы Ақтау кентінде 30 жасар Жадыра Жұмалиеваны және 8 жасар Инабат пен 6 жасар Айшаны жерледі. 8 сәуір күні түнде олардың жанып кеткен денелері өртенген үйдің қирандылары астынан табылды. Үйді өртеп жіберген деген күдікпен полиция Жадыраның күйеуі және қыздардың әкесі Серік Кафизовты ұстады. Бұл туралы Орал апталығы басылымы жазады.

«АСПАНДА КҮН ЖОҚ»

Бұл 7 жасар Инабат Кафизованың дәптеріндегі соңғы жазба. «Сегізінші сәуір. Сынып жұмысы. Бүгін ауа райы бұлтты. Аспанда күн жоқ» деп жазады бүлдіршін.

«Күйеуі марқұмды электрошокермен азаптаған»: екі қызымен әйелін өртеп жіберді деген күдікпен ауыл тұрғыны қамауға алынды


Сол күні кешкі сағат 22.00-де Инабат сіңлісі Айша және анасы Жадырамен атасының үйінен шығып, Сүлейменов көшесіндегі өз үйіне аттанды. Төрт сағаттан кейін, түнгі 01.15-те қарама-қарсы көшеде тұратын жас қыз Жадыраның үйі жанып жатқанын көреді.



Өрт сөндірушілер отты түнгі үштен кейін сөндірді. Үйдің алдында көрші-қолаң жиналып қалған. Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер жанып кеткен баланың денесі мен ересек адамның мәйітін тапты. Бұл Жадыра мен үлкен қызы Инабаттың денелері болатын. Бірнеше минуттан кейін үшінші мәйітті келесі бөлмедегі қабырға мен пештің арасынан алып шыққан. Бұл кішкентай Айшаның денесі.

«Барлығы өрт сөндірушілер қазір тағы бір денені – Серікті табар деп күтті. Бірақ барлық үйінділерді бөлшектеген кезде, Серік жанып жатқан үйде болмағаны түсінікті болды», – дейді жергілікті тұрғын Дамир.

ЕР АДАМДАР ДА КҮҢІРЕНІП ЖЫЛАДЫ

Серік алты сағаттан кейін табылды. Ол үстіндегі қан-қан жейдесімен көрші ауылға кетіп бара жатқан. Серік өз-өзіне қол жұмсамақ болған немесе оған біреу пышақ ұрған. Жарақаты ауыр емес. Ауруханаға апарып, жарасын тіктірді. 11 сәуір күні қыздары мен жұбайын жерлеген соң, сот Серік Кафизовты екі және одан да көп адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алуға санкция берді.