Біз біргеміз!Қарағандыда қайырымдылық қоры дәрігерлер мен қарт адамдарға ыстық тамақ дайындайды

2020-04-17 11:00:38
Біз біргеміз!Қарағандыда қайырымдылық қоры дәрігерлер мен қарт адамдарға ыстық тамақ дайындайды
«Ана-Мама» қорының мүшелері медицина қызметкерлері мен қарияларды ыстық тамақ әзірлеп беруде, ал Қызыл Жарты Ай еріктілері Қарағанды тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалдайды. Есесіне олар шынайы алғыс сөздер мен шаттыққа бөленуде, деп хабарлайды Матрица.kz облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Карантин кезінде METRO CASH&CARRY және жергілікті демеушілердің қолдауымен Қазақстанның Қызыл Жарты Ай Қарағанды облыстық филиалы 127 адамға көмек қолын созды. Өткен аптада 153 500 теңгеге 29 азық-түлік себеті жиналды. Еріктілер бұл жинақтарды жалғыз басты зейнеткерлерге, жалғыз басты аналарға, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға тасымалдайды. Сондай-ақ қарт адамдарға дәрі-дәрмек жеткізу бойынша емханалармен жұмыс ұйымдастырылды.

Ұйымның хабарлауынша, барлық жұмылдырылған еріктілер көмекке мұқтаж адамдарға бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу бойынша Волонтерлерге арналған нұсқамадан өткен.

- Біздің миссиямыз – қиын жағдайға тап болған адамдарға гуманитарлық көмек және әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады. Қызметкерлер мен еріктілер зардап шеккендердің арасында үлестіретін гуманитарлық көмек ұйымдар мен жеке тұлғалардың қайырмалдықтары есебінен сатып алынатын бірінші қажеттілік заттары болып табылады, - дейді Қазақстанның Қызыл Жарты Ай Қарағанды облыстық филиалының директоры Татьяна Абрамова.

Қызыл Жарты Ай облыстық филиалында 8-700-971-75-74 жедел байланыс жұмыс істейді. Мұнда коронавирустың таралуының алдын алу бойынша кеңес алуға, төтенше жағдай туралы және біздің облыстағы карантин туралы білуге болады.

Ал қарағандылық «Ана-Мама» қайырымдылық қоры карантин және төтенше жағдай кезінде мұқтаждарға, қарт адамдарға, сондай-ақ жедел жәрдем қызметіне көмектеседі. Қор қызметкерлері азық-түлік жиынтығын және ыстық түскі ас тасымалдайды.
Қордың еріктілері қарт адамдарға, жедел жәрдем дәрігерлеріне ыстық тағамдар дайындайды. Қарағанды өңірінің елді мекендеріне азық-түлік жиынтығы да жеткізіледі. Карантин басталғаннан бері «Ана-Мама» қоры тұрмысы төмен отбасыларға 650-ден астам азық-түлік себетін жеткізіп, 550-ден астам түскі ас дайындады.

Қор еріктілер мен демеушілерге көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастыққа шақырады. Қазіргі қиын кезеңде көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созғысы келетіндер 8-702-637-80-20 телефоны бойынша хабарласа алады.



Просмотров материала: 0