Карантин: Қарағандылық жалған рұқсат қағазын 5 мың теңгеден сатқан

2020-04-16 13:00:38
Карантин: Қарағандылық жалған рұқсат қағазын 5 мың теңгеден сатқан
Қарағандыда карантин кезінде жүріп-тұруға рұқсат беретін жалған анықтама қағазын сатқан ер адамды ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері карантин кезінде қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат беретін жалған анықтаманы сатқан азаматты ұстады.

«Бизнестің» жаңа түрімен айналыспақ болған Қарағанды қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жалпы есептегенде 50 дана жалған құжат сатып үлгерген, рұқсат қағаздардың бір данасы 5 мың теңгеден сатқаны анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қылмыскерді криминалдық полиция қызметкерлері құрықтаған. Жалған құжатты сатып алып, тексеріс кезінде тәртіп сақшыларына көрсеткенде, полицейлерде қағаздың заңды түрде жасалғанына күдік пайда болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385 – бабы 1-бөлігі «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Просмотров материала: 0