"Біз үнемі әлеуметтік желілерді қарап отырамыз. Қазіргі уақытта адамдардың ең көп сұрайтыны – "Мен бірнеше күн бұрын өтініш бердім, бәріқ әлі күнге дейін жауап жоқ". Сондықтан Біржан Нұрымбетовтің (Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрі – Sputnik) тапсырмасы бойынша 42 500 теңге төлем бойынша статусты тексеретін сервис іске қосылды", - деп жазды вице-министр Instagram-парақшасында.
Сонымен, өз статусыңызды тексеру үшін:
42500.enbek.kz сайтына кіріңіз
"Өтінім статусын тексеру" деген жерді басыңыз
ЖСН мен жеке куәлік нөмірін енгізіңіз
“Мен робот емеспін” деген жерге ✔ белгісін қойып, "тексеру" батырмасын басыңыз.
Бірден өтінішіңіздің статусы шыға келеді.
Айта кеткен жөн, бір құрылғыдан бір сағаттың ішінде 3 сұранысқа дейін жібере аласыз.
Бұған дейін еңбек министрлігі 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны төтенше жағдай режимі кезінде екінші рет алу мүмкіндігі туралы хабарлаған еді.