"Бюджет қаражаты 15 миллиард теңгеге атқарылмады, оның 4 миллиард теңгесі үнемделген ақша. 11 миллиард теңге игерілген жоқ. Бұл 2019 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен екі есе аз. Яғни, бюджет қаражатын игеру жұмысы жақсарды деген сөз", – деді Смайылов үкімет отырысында.
Министр бюджет ақшасын игермеген мемлекеттік органдарды атады. Олардың арасында әділет министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, денсаулық сақтау министрлігі бар.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7%-ке, республикалық 99,5%-ке, жергілікті бюджеттер 97,7%-ке атқарылды.
Республикалық бюджет шығыстары 2 триллион 971 миллиард теңгені құраған.
Бірінші тоқсанда жергілікті бюджеттердің шығысы 1 триллион 213 миллиард теңгеге игерілді. 29 миллиард теңге орындалған жоқ.
"Биыл өңірлерге 1 триллион 499 миллиард теңге нысаналы трансферт қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша бірінші тоқсанда оларға 190,5 миллиард теңге бөлінді. Оның 97,1%-і немесе 184,9 миллиард теңгесі игерілді", – деді министр.
4,7 миллиард теңге игерілмеген.
Қаражатты игермеген өңірлер: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Шымкент қаласы және Атырау облысы.