Қазақстандағы тұңғыш отандық фаст-фуд

2020-04-10 13:00:39
Қазақстандағы тұңғыш отандық фаст-фуд
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты тағамдарды үйге дейін жеткізіп беру қызметі іске қосылды. Алғашқы отандық жедел ас желісі QAZAQ FASTFOOD BauyrdaQ та денсаулыққа пайдалы, иммунитетті нығайтуға мүмкіндік беретін, тек таза, табиғи өнімдерден дайындалған тағамдарды ұсына отырып, осы жобаға ат салысуда.

Сіз не үшін біздің өнімді таңдайсыз?

- Қолжетімді баға

- Дәмді әрі тойымды

- Жылдам дайындалады

Біздің өнімнің артықшылықтары:

- Инновациялық өнім: әжеміздің бауырсағы мен әжеміздің қуырдағын фаст-фуд форматында күнделікті тұныну мүмкіндігі

- зиянды қоспалар, дәмдеуіштер қолданылмайды

- шетелдік фастфудтармен салыстырғанда дұрыс тамақтану ережелеріне сәйкес келеді, ағзаға пайдалы микроэлементтерге бай

- ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Бауырдақ – нарықтағы жаңа отандық фастфуд. Бұл жобаның авторы – Құсанбаев Ақтілек Азатбекұлы. Ресторан бизнесін ұлттық құндылықтармен ұштастыру мәселесі кәсіпкерді түрлі ойларға жетеледі, ұлттық дәстүрге негізделген тойхана ашу, тамақтану орындарының дизайнына қазақи нақыштарды енгізу сияқты ойлар мазалады. Ең бастысы, қазақтың ұлттық тағамдарын күнделікті қолданысқа енгізу мүмкіндігін табу – кәсіпкердің басты мақсатына айналды. «Әрбір адам бала күнінен бауырсақ жеп өсті, тойға барсақ та қолымызды бірінші болып бауырсаққа созамыз, бірақ бауырсақты үй жағдайында да күнде пісіру мүмкіндігі жоқ және кез-келген жерден сатып ала алмайсың» деген ойлар көкейінде сайрап тұрды.

Ал, қуырдақ - кез-келген дастарханның сәнін келтіретін, тойымды, дәмді ас. Сағынып жейтін бауырсағымыз бен дәмі тіл үйіретін қара қуырдағымызды біріктіріп ұсыну кез-келген қазаққа ұнайтын болар деген қорытынды жасалынды. Біріншіден, қазақтың ұлттық тағамдарының әдемі үйлесімін күнделікті ас ретінде тұтынуға ниет еткен салауатты өмір салтын ұстанатын, денсаулығына алаңдайтын адамдардың таптырмас шешімі болса, екіншіден ұлттық асханамыздың жаңа форматтағы төл өнімін тұтыну кеудеге мақтаныш сезімін сыйлайтын әрекет болары анық, үшіншіден, шет елдік азаматтарға қазақтың қонақжайлылығын дәріптеу мүмкіндігі туындайды.

Бауырдақ – денсаулыққа пайдалы тағам. Қойдың бауырының құрамы А және С дәрумендеріне, минералды тұздарға бай, ақуыз (74 %) және майлар, құрамында «Гепарин» атты ерекше зат бар, оның негізгі қызметі – қанның қалыпты ұйығыштығын қамтамасыз ету, бұл миокард инфарктінің алдын алуға көмектеседі.

Qazaq fastfood Bauyrdaq 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этноаралық қатынастарды дамыту департаменті және «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігімен «Қазақтану» жобасы аясында ұйымдастырылған «Қазақ халқының бірегей ұлттық тағамдары» атты аймақтық фестивальға қатысты.

Қазақтың ұлттық тағамдары негізінен үш түрге бөлінеді:

- ақ тағамдар, яғни сүт өнімдері;

- қызыл тағамдар, бұл – ет өнімдері;

- көк тағамдар – бұл өсімдіктен жасалатын тағамдар, яғни нан тағамдары: күлше, бауырсақ, шелпек, қуырылған бидай, қоспа т.б.

Qazaq fastfood Bauyrdaq-тан сіз қазақтың ұлттық тағамдарының 3 түрін де таба аласыз. Бауырдақтың өзі ет тағамдары мен нан өнімін біріктіреді.

Сонымен қатар, еліміздің өңірлерінде бауырсақ пісіру технологиясы мен формасы әртүрлі болып келеді. Бауырдаққа Шығыс өңірінде пісірілетін түйе бауырсақтар қолданылады. Бауырдақпен бірге ыстық сорпа, қымыз, шұбат, айран қоса беріледі.

Ас - адамның арқауы. Құнарлы тамақ – денсаулықтың кепілі. Сан ғасырлар бойы елін-жерін жаудан қорғаған батырларымыз сусындаған сусындар мен тағамдарды қолдану салауатты өмір салтын ұстанып, ұрпағымыздың дені сау болуының негізі алғышарты болып табылады.

Мекен жайы: Сәтпаев даңғылы, 29 а
Тел.: 8 701 694 36 96, 8 707 695 36 96
Instagram @bauyrdaq.kz