Қазақстан мұнайы теп-тегіс жерден 0,4 млн баррельге қысқартатын болды

2020-04-10 11:00:37
Қазақстан мұнайы теп-тегіс жерден 0,4 млн баррельге қысқартатын болды
Ресей мұнайды бар болғаны күніне 0,5 млн баррельге қысқартуға көнбей ОПЕК+ -тің есігін тарс жауып кетіп еді, деп жазады желіде Қуаныш Еділхантегі.

Енді бармағын шайнап, өкініп отыр.

Енді қайта-қайта телефон соғып, араға адам салып (Трампты), корольдің мазасын алып, жалынып-жалпайып, күніне 2 млн баррельге қысқартуға қуана-қуана келісіп, жатқан жыланның құйрығын басқанына бармағын шайнай өкініп, "уфф" деп демін алғандай болды, дейді пост авторы.
"Қосақ арасына қыстырылып жүрген" Қазақстанның жағдайы ше?

Қосақ арасына қыстырылып жүрген Қазақстан теп-тегіс жерден 0,4 млн баррельге қысқартатын болды – ол неадекват, банды көршісін жақтағаны үшін алған "сыйы". Не дейміз, өзіңе де сол керек дейміз де. Тек енді содан сабақ алса жақсы, деп жазды Еділхантегі.
ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқартуға келісті, деп хабарлады РИА Новости.

Мәскеу мен Эр-Рияд мұнайды тәулігіне 2,5 миллион баррельге қысқартады, Иран – 1,06 миллионға, БАӘ – 0,72 миллионға, Кувейт – 0,64 миллионға, Қазақстан мен Нигерия – шамамен 0,4 миллионға, - деді дереккөздер Reuters агенттігіне.


[media=https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1567822043382267&id=100004634587806]

Дереккөз: zakon.kz.
Просмотров материала: 2