Оларға халық сенген күннің өзінде салған ақша құнсызданып тиынға айналып барады. Зейнетке шыққан күні ол ақша күлге ғана айналады. Сондықтан әр азаматтың өзінің атына депозит етіп ашып берсе, оның өсімі болады, құнсызданудан аз болса да сақтайды.
Жемқорлар жеке адамның депозитіндегі ақшаға қол сала алмайды. Ол ақшаны салымшының өзіне де беталды алып жұмсауына рұқсат берілмесін.
Тек әркім пенсияға шыққанда ғана ай сайын алатын етіп қамсыз қарттықты қамтамасыз етуге болады.
Жазушы Қуандық Шамахайұлының әлеуметтік желідегі жазбасы
Дерекөз: Abai.kz