Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты қорықшының өзі атып алған

2020-04-09 09:00:49
Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты қорықшының өзі атып алған
Алматы облысында Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты атқан қорықшы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция барысында криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері ұлттық табиғи саябақта заңсыз аң аулаған, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған К. есімді мемлекеттік инспекторды ұстады.

Сот санкциялаған тінту барысында полиция қызметкерлері азаматтан Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықтың етін және тіркелмеген оқтары бар ойық атыс қаруының екі бірлігін тауып, тәркіледі.

«Ұсталған азамат өзінің жағдайына байланысты бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге, аң аулау ережелерін бұзудың жолын кесуге тиіс болатын. Алайда, оның орнына ол Ұлттық саябақтың аумағындағы ерекше қорғалатын аймақта жануарларды өлтірген. Осы ақпаратты алғаннан кейін жедел уәкілдер қадағалау жүргізіп, оның барлық заңсыз әрекеттерін дәлелдеді», – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі Ернар Қалтаев.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен, 287-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып, сот-биологиялық сараптама тағайындалды.


Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты қорықшының өзі атып алған
Просмотров материала: 0