Қызылорда мен Атырау облыстарында коронавирус жұқтырғандар науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған

Поделиться:
Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 704 адамға жетті. Соңғы 7 жағдай Қызылорда (3) мен Атырау (4) облыстарында тіркелген, деп абарлайды AzattuqRuhy.kz.

Мемлекеттік комиссия жанындағы шұғыл штабтың мәліметінше, Атырау облысында вирус жұқтырғандардың үшеуі – облыс орталығының, бірі – Жылыой ауданының тұрғыны. Олардың төртеуі де бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған.

Қызылорда облысында тіркелген 3 науқас та Сырдария ауданында тұрады. Үшеуі де бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған.

Қазіргі таңда аталған 7 адам карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған. Тест барлығының COVID-19 вирусын жұқтырғанын растады. Мамандар олармен байланыста болған адамдарды анықтап жатыр.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны – 36 адамға, Қызылорда облысында – 69 адамға жетті. Ең көп науқас Шиеліде тіркелген – 35 адам.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также