Алматыда көлік қозғалысы бес есеге азайды

2020-04-07 15:00:37
Алматыда көлік қозғалысы бес есеге азайды
Алматы жолдарындағы көліктер саны шамамен бес есеге азайды. Бұл туралы Алматы ПД хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қаланың негізгі көшелерінде көліктердің қозғалысы едәуір төмендегенін көрсеткен.

Полиция мәліметі бойынша, бүгін таңғы сағат 8 – 9 аралығында бейнебақылау жүйелерімен тіркелген көліктер саны 4 836 құраған.
Негізінен Алматы шығыс айналма жолы арқылы өтетіндер тіркелген. Яғни Райымбек – Саин, Сейфуллин – Жансүгіров, Төле би – Розыбакиев көшелері, барлық бағытты қоса алғанда. 11 наурыздағы осыған ұқсас уақыт аралығында көлік саны 19 мың 546 бірлікті құрады.

Бұған дейін қалада 35 бақылау-өткізу бекетінің ұйымдастырылған. Барлығы бір тәулікте 18 мың 798 көліктің қала ішінде жүру құқығының бар-жоғы тексерілгендігін хабарлаған болатынбыз, -дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік Полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Қаладағы аудандық ПБ-на қалада себепсіз жүргені үшін 128 жүргізуші жеткізіліп, 30 автокөлік айыппұл тұрағына қойылған.
Просмотров материала: 0