Ертіс өңірінің кәсіпкерлері тәулігіне 50 мың маска тігеді

2020-04-07 13:00:35
Ертіс өңірінің кәсіпкерлері тәулігіне 50 мың маска тігеді
Ертіс өңірінің кәсіпкерлері тәуіліген 50 маска тігеді. Бұл ішкі нарықты толық қамтуға жететін көлем. Соңғы 4-5 күн ішінде бұл жоспар орындалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған сәтте облыста медициналық бетперделерге деген сұраныс күрт артып, сауда желілері мен дәріханаларда табылмады. Уақыт өте келе кейбір кәсіпорындар негізгі өндірістерін өзгертіп, жаңа тігін желілерін іске қосты.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовтің хабарлауынша, қазіргі таңда ішкі нарыққа қажет бір реттік және көп реттік медициналық маскаларды тігу жұмысы жолға қойылған.

Халықтың тәуліктік қажеттілігі толық өтеліп жатыр. Күніне тігілетін 50 мың масканың 20 мың данасы бір реттік бетперделер болса, 30 мыңы - көп реттік өнімдер. Біз кәсіпкерлерімізге алғыс білдіреміз. Төтенше жағдай кезінде халық қажеттілігіне арналған бетперде тіге бастады. Мәселен, бұған дейін полипропилен өнімдерін шығаратын кәсіпорын маска тігуге де бет бұрды. Қазіргі уақытта бер реттік бетперденің біреуі 60 теңге тұрады. 40 мың маска күнбе күн дәріханалар желілеріне жөнелтіледі. Ал көп ретті қолданыстағы маскалардың біреуі 170 теңгеден саудалануда, - дейді Сәкен Шаяхметов.

Ішкі нарықтағы дезинфекциялық құралдар өндірісі де ретке келтірілді. Бүгінде екі кәсіпорын антисептик шығарып жатса, тағы бір алып химиялық кәсіпорын дезинфекциялық өнімдер шығарады. Қазіргі уақытта "Каустик" ЖШС-і өндіретін натрий хлориті облыс орталығы көшелерін зарарсыздандыруға қолданылып жатыр.
Просмотров материала: 0