Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар арасында коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 1300-ге жуық ПТР тест жүргізілген. Оның ішінде қауіпті індетті 29 адамның жұқтырғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Covid-19 дертіне шалдыққандармен жақын байланыста болған барлық тұлғаларға ПТР сынақтары жүргізіліп, нәтижесінде олардың тесті теріс көрсеткіш көрсетті.
ПТР тесттеріне негізделген диагностика – адам ағзасындағы коронавирустық инфекцияны анықтайтын нақты әдіс болып табылады. Сынама тест вирустың РНҚ фрагменттерін анықтауға