«Аталған сайтта өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, психологтың немесе психотерапевттің кеңесін тыңдай аласыз. Ол үшін алдын ала өтінім қалдыру керек. Өтінім берушіге сілтемесі бар СМС-хабарлама келеді. Ол сілтемеге өткеннен кейін тиісті маманмен белгіленген уақытта әңгімелесуге болады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік және мемлекеттік емес секорда еңбек ететін 50 маман тартылған. Олар жоба арқылы көмек сұраған тұрғындарға коронавирус инфекциясына қатысты үздік халықаралық психологиялық көмек беріледі.